800 миллионнан астам теңге көлемінде мемлекетке залал келтірген Павлодар қаласының тұрғыны сотталды

800 миллионнан астам теңге көлемінде мемлекетке залал келтірген Павлодар қаласының тұрғыны сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық өңірлерінде қаражатты криминалдық қолма-қол ақшаға айналдыру деректерінің жолын кесуде.

Мысалы, Агенттіктің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша Павлодар қаласының тұрғыны П.Ысқақовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

П.Ысқақов екі жыл бойы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға жәрдемдескен.

Заңға қайшы схемаға ол бақылауындағы 4 жалған фирманы –«Трейд Маркет KZ» ЖШС, «Каз Кызмет 2050» ЖШС, «КазСтокИнвест» ЖШС және «Жолбарыс 2050» ЖШС пайдаланды.

Осылайша мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 827 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

П. Ысқақов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram