Нұр-Сұлтан қаласында қаржылық қылмыстарды тергеуде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша халықаралық семинар өтті

Нұр-Сұлтан қаласында қаржылық қылмыстарды тергеуде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша халықаралық семинар өтті

2021 жылғы 23-25 қарашада елордада «Қаржылық қылмыстарды тергеуде ақпараттық технологияларды пайдалану. Халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында гибридті форматта (оффлайн/онлайн) қаржылық барлау органдары, БҰҰ, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, ТМД елдерінің Бас прокуратуралары, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салықтық (қаржылық) тергеу органдары, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы өкілдерінің қатысуымен халықаралық семинар өтті.

Семинарда қылмыстық кірістерді заңдастыру әдістері және қарсы іс-қимыл тәсілдері, сондай-ақ халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту және қаржылық қылмыстарға қарсы күресте ақпараттық технологияларды пайдалану туралы дәрістер тыңдалды.

Семинарға қатысушылар қаржы пирамидаларын, транзиттік шоттар мен операцияларды анықтау бойынша озық тәжірибелерімен, қылмыстық кірістерді заңдастыру бойынша қылмыстық істерді қарау мысалдарымен бөлісті.

Қаржы пирамидаларын және транзиттік шоттар мен операцияларды анықтау бойынша бірқатар кейстер ұсынылды.

Қаржылық барлау бөлімшелерінің құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шет мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерімен бірлесіп, параллель қаржылық тергеу жүргізу бойынша қызметіне үлкен көңіл бөлінді.

Қорытындылай келе, тараптар халықаралық сарапшылардың алған білімі мен тәжірибесі ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін нығайтуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram