Алматы облысының Боралдай кентінде танымал маркалы жалған ішімдікті заңсыз жасаған

Алматы облысының Боралдай кентінде танымал маркалы жалған ішімдікті заңсыз жасаған



Халық денсаулығы үшін қауіпті қолдан жасалған ішімдік мәселесі әлемдегі барлық елдер үшін өзекті.

Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда заңсыз және сапасыз алкогольге қарсы күрес айтарлықтай күшейе түсті.

Мысалы, Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1980 жылы туған бұрын сотталған азаматтың алкоголь өнімін дайындау дерегінің жолын кесті.

Алматы облысы Боралдай кентінің тұрғыны «Хаома», «Хортица», «Беленькая», «Талка» маркалы суррогат алкоголь өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз және жасанды есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып өндірген.

Тінту кезінде 11,5 мың акциздік маркалар, 110 литр құрамында спирті бар заттар, 120 бөтелке дайындамалар, станок, алкоголь өнімінің заттаңбасы, сондай-ақ жалған алкоголь дайындауға арналған басқа да заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram