Қостанай облысының ветстанцияларының бірінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

Қостанай облысының ветстанцияларының бірінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды



Бюджет қаражатын жымқыру – қауіпті экономикалық қылмыстардың бірі.

Көбінесе жымқырған қаражаттың сомасы әртүрлі әлеуметтік жобаларды қаржыландыра алатын миллиондаған, ал кейде миллиардтаған теңгеден асады.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Қазына» жедел-алдын алу шарасын жүргізу барысында Әулиекөл ауылындағы «Әулиекөл ауданының ветеринариялық станциясы» КМК-да бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.

Ветстанцияның бас бухгалтері Ж.Ақмурзина өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өзінің жеке шотына және ветстанция қызметкерлерінің карточкалық шоттарына ақшалай қаражатты заңсыз аударған.

Бұл ретте, төлемдердің негізі «құрылыс қызметтері үшін төлем» деп көрсетілді, бірақ қызмет көрсету бойынша растайтын құжаттар жоқ.

Нәтижесінде Ж.Ақмурзина мемлекеттік бюджеттен 7,3 миллион теңгеден астам қаражат жымқырды.

Бас бухгалтер 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram