
Контрабанда – елеулі залалы бар ауқымды және қауіпті экономикалық қылмыстардың бірі.
Заң бұзушылар шекара арқылы түрлі тауарларды - өнер туындыларынан, асыл металлдардан бастап стратегиялық және қауіпті материалдарға дейін заттарды заңсыз өткізуге тырысады.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті балалар мен спорттық аяқ киімнің экономикалық контрабандасы дерегін анықтады.
Қырғыз Республикасының азаматы Р. Мичиров бұл тауарларды ҚХР-дан Қырғыз Республикасына «Алтынкөл-Жол» кеден бекеті арқылы тасымалдамақ болған.
Бұл ретте, тауарға ілеспе құжаттарда жалған мәліметтер көрсетілген, ал тауарлар декларацияланбаған.
Тауарлардың жалпы сомасы 73 миллион теңгені құрады.
Р. Мичировқа 2,2 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, тауарлар тәркіленіп, мемлекет кірісіне айналдырылатын болады.