Алматы облысында ауыл тұрғыны жалған алкоголь шығаратын астырты цех ұйымдастырған

Алматы облысында ауыл тұрғыны жалған алкоголь шығаратын астырты цех ұйымдастырған

Өткен жылдың өзінде Қазақстанда контрафактілік алкогольмен уланудан 30-ға жуық адам қайтыс болды.

Бұл азаматтардың денсаулығына, сондай-ақ мемлекетке зор экономикалық залал келтіреді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жалған есепке алу-бақылау таңбалары бар суррогат алкоголь өнімін өндіретін астыртын цехқызметінің жолын кесті.

Айти ауылының тұрғыны 1970 ж.т. Ш.Баймұратов өз үйінің жертөлесінде антисанитариялық жағдайда танымал «Гжелка», «Белуга», «Родная степь», «Синяя гора», «Бульбаш», «Березовая»  және т. б. маркалы алкоголь өнімдерін заңсыз қолдан жасаған.

Кейіннен өнімдер Алматы облысы мен Алматы қаласының көтерме базарларында зауыттан шыққан өнім түрінде сатылған.

Тінту барысында 7000 есепке алу-бақылау таңбалары, көлемі 0,5 литр әртүрлі маркалы 850 бөтелкеден астам арақ, құрамында спирті бар сұйықтығы бар 25 литрлік канистр, сондай-ақ алкоголь өнімін құюға және дайындауға арналған заттаңбалар, қақпақтар және басқа да заттар тәркіленді.

Ш.Баймұратов 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа сотталды.