Ақмола облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың кезекті дерегінің жолы кесілді

Ақмола облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың кезекті дерегінің жолы кесілді

Қаржылық мониторинг агенттігі ойын бизнесі үшін үй-жайларды жалға беру үшін ортақ жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін де, құмар ойындарға үй-жай бергені үшін де 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мысалы, Агенттіктің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде облыстың екі тұрғынын заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырғаны үшін ұстады.

Н.Қабдышев пен А. Слабковский облыстың әртүрлі аудандарында үй-жайларды жалға алып, «Покер техасский холдем» заңсыз құмар ойындарын өткізген.

Барлық алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды

Заңға қайшы әрекет еткендер 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.