Шымкентте заңсыз ойын терминалдарын орнату фактісі анықталды

Шымкентте заңсыз ойын терминалдарын орнату фактісі анықталды

Ақпараттық технологияларды дамыған дәуірінде казино, букмекерлік кеңселер, лоторея мен тотализаторға деген қызығушылық патологиялық тәуелділікке - лудоманияға ұшыратады.

Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты негізде заңсыз ойын жерлерін және құмар ойындарының заңсыз сайттарын анықтап, бұғаттайды.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті қала тұрғынының сары-жасыл түсті терминалдарды заңсыз орнату фактісінің жолын кесті.

Е. Темірбайұлы, терминалдарды bm.inbet.cc сайтына қосып «Кено», «Х Кено», «Бинго», «Фортуна», «Маймыл», «Шарик» және т.б. құмар ойындарын заңсыз ұйымдастырған.

Сот үкімімен ол 1 жылға бас бостандығы шектеліп сотталды.