
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов қатысқан Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) 35-ші пленарлық отырысы онлайн режимінде өтті.
Пленарлық отырысқа қатысушылар Еуразиялық топтың негізгі құжаттарын және ұйымның алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерін шешу жөніндегі алдағы бірлескен қадамдарды талқыланды.
Кездесуге 9 мүше мемлекеттің: Қазақстан, Ресей, Қытай, Түркіменстан, Беларусь, Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның делегациялары, сондай-ақ осы құрылымда бақылаушы мәртебесіне ие бірқатар елдердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында Топтың атқарушы хатшысы ЭГМОНТ Жером Бомонт және ФАТФ президенті Маркус Плейер сөз сөйледі.
Қазақстан «бюджет қаражатын ұрлауға қарсы іс-қимыл» тақырыбында баяндама жасады.
Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын мақұлдады және өзара бағалаудың 2-раундын өткізу кестесіне өзгерістер енгізді.
Кезекті пленарлық отырыс 2022 жылдың мамыр айында Өзбекстан Республикасында өтеді.