Ақмола облысының тұрғыны «Lotomatic» ЖШС түріндегі ойын терминалдарынан заңсыз табыс тапқан

Ақмола облысының тұрғыны «Lotomatic» ЖШС түріндегі ойын терминалдарынан заңсыз табыс тапқан


Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Lotomatic» бірегей лотерея терминалдары түрінде Целиноград ауданының дүкендерінде ойын терминалдарын заңсыз орналастырған және 17 миллион теңге мөлшерінде заңсыз табыс тапқан облыс тұрғыны Уәлиевті ұстады.

Уәлиев 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылған.

Естеріңізге сала кетейік, «Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес казино мен ойын автоматтарының залдары арнайы бөлінген ойын аймақтарына орналастырылуы керек.

Құрметті азаматтар! Жалған терминалға түспеу үшін келесі белгілердің болуына назар аударыңыз: дүңгіршектің сары-көк түсі, логотиптің болуы, терминалдың сәйкестендіру нөмірі, лотереяның ресми сайтына сілтейтін QR коды болуы тиіс.

Егер сізде ойын автоматтарының немесе ойын мекемелерінің орналасқан жері туралы ақпарат болса, Сіз бұл туралы Агенттікке сенім телефоны арқылы хабарлай аласыз.

Сенім телефоны: +7 7172 708 478.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram