
Қаржылық мониторинг агенттігі өткізу немесе жалған акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын өткізу мақсатында дайындағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түрінде қылмыстық жауаптылық белгіленгенін еске салады.
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде рұқсат құжаттарынсыз жеке үйде алкоголь өнімін өндіру фактісін анықтады.
Азамат А. Какенов этил спирті мен алкоголь өніміне арналған заттаңбаны қолдана отырып, контрафактілік арақ жасап сауда орындарында сатқан.
Қарап-тексеру барысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 73 бөтелке алкоголь өнімі және 540-тан астам заттаңба табылды.
А. Какенов 1 жылға бас бостандығы шектеліп сотталды.