Шымкентте 180 тоннадан астам мазутты заңсыз сатқаны үшін кәсіпорын директоры сотталды

Шымкентте 180 тоннадан астам мазутты заңсыз сатқаны үшін кәсіпорын директоры сотталды

Жыл сайын мемлекет отынды заңсыз сатудан миллиардтаған бюджет қаражатын жоғалтады.

Қылмыс жасаушылар бюджеттік төлемдер жүргізбей, рұқсаттық құжаттарсыз мұнай өндіру және сатудың әртүрлі қылмыстық схемаларын пайдаланады.

Қаржылық мониторинг агенттігі осындай схемаларды анықтап, олардың жолын кеседі.

Мысалы, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз 180 тоннадан астам мазутты сату дерегін анықтады.

«Alma Oil Trading» ЖШС директоры Ж.Нақыпов белгісіз тұлғадан мазут сатып алып, кейіннен Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне заңсыз сатқан.

Барлығы 17 млн теңгеден астам сомаға отын сатып алынды.

Ж.Нақыпов 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram