
Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың кезекті дерегінің жолын кесті.
Қала тұрғыны Қ.Қоштаев жеке компьютерлерді лотерея аппараттары түрінде Рахат шағын ауданы, Н.Тілендиев көшесі, 21/3 ғимарат мекенжайы бойынша орналастырған.
Тексеру барысында компьютерлер мен теледидарлар тәркіленді.
Қ.Коштаевқа 1,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
ҚМА үй-жайларды жалға берушілердің де үй-жайды заңсыз ойындар немесе автоматтарға ұсынғаны үшін ҚР ҚК-нің 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін хабарлайды.
Жалға берушілер қылмыстық жауапкершіліктен қалай құтыла алады?
Ол үшін Агенттіктің ресми аккаунттеріне жеке хабарламада фото және мекенжайды жолдасаңыз немесе +7 (7172) 708 478 сенім телефонына хабарлассаңыз жеткілікті:
Facebook - https://www.facebook.com/afm.rk/
Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі