ҚМА қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл және «Параллель қаржылық тергеу» институтын енгізу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді

ҚМА қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл және «Параллель қаржылық тергеу» институтын енгізу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл Бас прокуратураның үйлестіруімен жүргізіліп келеді. 

Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Агенттік Бас прокуратура мен ІІМ құрылымдық бөлімшелері басшылығының қатысуымен ведомствоаралық жедел кеңес өткізді.

Күн тәртібінде қаржы пирамидаларымен күрес бойынша өзара әрекеттесу, сондай-ақ «параллель қаржылық тергеу» институтын енгізу мәселелері талқыланды.

Параллель қаржылық тергеу қылмыстық қудалау органының қылмыстық әрекеттің қаржылық аспектілерін анықтауынан және құжаттауынан құралған.

Параллель жүргізілетін қаржылық тергеулердің мақсаты – қылмыстық қызметті жүзеге асыру барысында қылмыстық кірістердің қозғалысын, қылмыстық жолмен табылған ақша қаражатының және (немесе) өзге де мүліктің шығу көзі мен алушылар арасындағы байланысты, қылмыстық әрекеттің дәлелі болып табылатын активтерді сатып алу мән-жайларын, оларды сақтау орындарын және басқа да ақпарат көздерін анықтау, сондай-ақ қылмыстық активтерді мемлекет пайдасына қайтару және тәркілеу.

ІІМ мен ҚМА дербес анықталған немесе Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша қылмыстық істерді тергейді.

Бұдан басқа, бұл жұмысқа Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі медиакеңістікке мониторинг жүргізу және қаржы пирамида сайттарын жабу бойынша қатысуда.

Бірлескен күш-жігермен 75-тен астам пирамида жойылды, олар бойынша шетелде қылмыстық активтерді іздестіру жұмыстары іске асуда.

Қаржы реттеушісінің мәліметтерін пайдалана отырып, ағымдағы жылдың соңына дейін қызметін тоқтату жоспарланған тағы 31 әлеуетті пирамида анықталды.

Кеңес қорытындысы бойынша қаржы пирамидаларына қарсы күресте және қылмыстық кірістерді заңдастыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар қосымша шаралар әзірленді.