Түркістан облысында 8 ауыл шаруашылығы кәсіпорны 380 миллион теңгеге заңсыз субсидияны иеленген

Түркістан облысында 8 ауыл шаруашылығы кәсіпорны  380 миллион теңгеге заңсыз субсидияны иеленген



Ауыл шаруашылығын дамытуға соңғы бес жылда мемлекеттік бюджеттен 2 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Оған қарамастан, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына мемлекеттік субсидия ретінде бөлінген бюджет қаражатын жымқыру деректері де бар.

Мәселен, Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті 8 шаруа қожалығының басшыларына қатысты субсидияны заңсыз иелену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Шаруа қожалықтарының басшылары «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалған мәліметтерді көрсеткен.

Атап айтқанда, олар Ресей Федерациясынан ірі қара малды сатып алуды және әкелуді растайтын жалған құжаттарды ұсынған.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясының деректеріне сәйкес аталған заңды тұлғалар ірі қара мал сатып алуға өтінім жібермеген және оларды РФ-дан әкелу бойынша бағыттық қағаздарды алған жоқ.

Аталған шаруа қожалықтарына заңсыз төленген субсидиялардың жалпы сомасы 380 миллион теңгені құрады, ал несиенің жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram