
Қаржылық мониторинг агенттігі және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) саласындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісімге қол қоюға Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов, АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің Бас директоры Мұхтар Бөбеев қатысты.
Меморандум АХҚО Комитеті мен КЖ/ТҚҚ саласындағы Агенттік арасындағы ынтымақтастықты, АХҚО Комитетінің осы саладағы реттеушілік мақсаттарды тиімді орындауы мақсатында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге бағытталған.
«Болашақта Қазақстан ЕАТ-ның ФАТФ халықаралық стандарттарына сәйкестігіне Өзара бағалауынан өтпек. Бағалау кезінде ЕАТ-қа қатысушы елдер арасында баламасы жоқ АХҚО қызметіне баса назар бөлінетін болады. Агенттік өз кезегінде ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша АХҚО-ға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын», - деп Агенттік төрағасы Жанат Элиманов атап өтті.
Меморандум тараптарға АХҚО қатысушыларының бақылауы мен мониторингінің тиімділігін қамтамасыз етуге және арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ қаржы жүйесінің тұрақтылығын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге септігін тизігбек.
AFSA Бас директоры Мұхтар Бөбеев бұл келісім негізінде Агенттікке де, AFSA-ға да ақшаны жылыстатудың алдын алуға және АХҚО-да, жалпы Қазақстанда бұған қарсы әрекет етуге мүмкіндік беретін бірлескен жұмыс пен маңызды ақпаратпен алмасу мақсатын көздейтіндігін атап өтті.
Қорытындылай келе, тараптар КЖ/ТҚҚ ұлттық жүйесін нығайту бойынша одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Facebook | Instagram | Telegram