
Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегін анықтады.
Азамат Қ.Агисов дербес компьютерлерді лотерея ойындарына арналған аппараттар түрінде Жаңаөзен қаласы, Рахат-1 шағын ауданы, Саяжай көшесі, 42 ғимарат мекенжайы бойынша орналастырған.
Құмар ойындарға қажетті 30-дан астам техника тәркіленді.
Агисов Қожахмет 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.
Құрметті азаматтар! Егер сіз тұратын немесе мекендейтін жерде ойын аппараты орналастырылса, ол туралы Агенттікке хабарлай аласыз.
Ол үшін Агенттіктің ресми аккаунттеріне жеке хабарламада фото және мекенжайды жолдасаңыз немесе +7 (7172) 70-84-78 сенім телефондарына хабарлассаңыз жеткілікті:
Facebook - https://www.facebook.com/afm.rk/
Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Facebook | Instagram | Telegram