
2021 жылғы 28 қазанында елордада Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының Бірінші орынбасары Ермек Оспанов Қазақстан Республикасындағы БҰҰ өкілдерімен ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесін нығайту және ынтымақтастықты дамыту бойынша Үйлестіру кездесуін өткізді.
Өкілдердің ішінде БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Ашита Миттал, БҰҰ ЕҚБ кеңесшісі Александр Водяной, БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаела Фриберг-Стори, жобалардың халықаралық үйлестірушісі Оливер Гадни, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің құқық қорғау бағдарламалары жөніндегі өңірлік кеңесшісі Джон Дадли қатысты.
Кездесу барысында 2022-2023 жылдарға арналған Агенттіктің және ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдардың ынтымақтастығын дамыту және әлеуетін нығайту жөніндегі практикалық іс-шаралардың бірлескен жоспары іске асырылуы басталды
БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы өз мандаты аясында Орталық Азия елдеріне қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша құқықтық және ұлттық жүйелерді нығайтуға тұрақты техникалық көмек көрсетеді.
Агенттік өз тарапынан БҰҰ ЕҚБ өкілдеріне қолдау көрсетуүшін зор алғыс және алдағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға сенім білдірді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі