Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай қаласында жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн. астам теңгені жымқыру дерегін анықтады

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай қаласында жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн. астам теңгені жымқыру дерегін анықтады


Көп жағдайда көлік жолдарын жөндеу саласында бюджет қаражатын жымқыру жұмыстың белгіленген көлемін орындамау немесе сапасыз орындау жолымен, сондай-ақ орындалған жұмыстардың актілеріне жалған мәліметтер енгізу жолымен іске асады.

Осындай деректердің бірін Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті анықтады.

Тергеу мәліметтері бойынша, мердігер «Galara» ЖШС мен Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында 612 миллион теңгеден астам сомаға Қостанай қаласының Набережная көшесін қайта жөндеу шарт жасалған.

«Galara» ЖШС Бас директоры А.Ринг ТКШ бөлімі инспекторы Н.Қойшыбаевтың көмегімен іс жүзінде көрсетілмеген (құм-қиыршық тас қоспасынан, ұсақ тастан жасалған негіздердің төсейтін және тегістейтін қабаттарын орнату бойынша) қосымша қызметтер бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін ұсынды.

Жалған акт негізінде ЖШС есеп шотына 27 миллион астам теңге негізсіз аударылды.

Кәсіпорын директоры мен бөлім қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram