
О.ж. 4 қазанда Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Қаржы қауіпсіздігі бойынша халықаралық олимпиаданың финалдық кезеңінің ашылуына қатысты.
Олимпиаданы өткізудің мақсаты – балалар мен жастардың ақпараттық, қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың кәсіби бағдарлануына және ғылыми білімін дамытуға жәрдемдесу.
Қазақстан атынан Олимпиадаға 10 студент қатысады, олар финалға шығу құқығы үшін үш ай бойы күресті.
Финалға ҚБББК білім беру келісіміне қатысушы мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан) және Түркіменстанның жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.
Олимпиада қаржы қауіпсіздігі және қаржы мониторингі салаларында бірнеше бағыт бойынша өткізіледі.
Финал 4-9 қазан аралығында Сочи қаласында өтеді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі