Қаражатты қылмыстық жолмен қолма-қол ақшаға айналдыру мәселелерін Алматыда өткен дөңгелек үстелде талқылады

Қаражатты қылмыстық жолмен қолма-қол ақшаға айналдыру мәселелерін Алматыда өткен дөңгелек үстелде талқылады

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті жалпы республикалық «Стоп- Обнал» жедел алдын алу шарасы аясында қандай да бір қызмет атқармайтын фирмалардың есеп шоты арқылы екінші деңгейлі банкттерден қаражатты заңсыз қолма-қолға ақшаға аударуға қарсы іс-қимыл жұмыстарын кешенді түрде жүргізуде.

Іс-шара аясында 2021 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қалалық соты және Алматы қаласы аумақтық департамент мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қаражаттарды қолма-қолға ақшаға аудару деңгейін төмендету бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға прокуратура, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері және Алматы қаласының адвокаттары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында тараптар қылмыстық қаражаттарды қолма-қол ақшаға аударуды және капиталдарды шығаруға қарсы жұмыстарды белсендету мәселелерін қарастырды.

Шара нәтижесі бойынша тараптар сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру және осы санаттағы қылмыстық істер бойынша дәлелдерді жинауды жетілдіру бойынша ортақ шешімге келді.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram