«Қолма-қол ақшаға айналдыратын» компаниялар тауарларды сатпайды және қызмет көрсетпейді, бірақ қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, басқа фирмаларға ақшалай сыйақыға жалған құжаттар жасайды.
Бұл заңсыз әрекеттер ҚР ҚК 216-бабы бойынша белгіленіп, жасағаны үшін 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактураларды жазып берудің екі дерегінің жолын кесті.
Бірінші жағдайда кәсіпкер Ә.Қосбармақов Жаңаөзен қаласында «Өзен-АҚЖОЛ» ЖШС және әҚосбармақов Әділет Аманкелдіұлы» ЖК атты екі компания құрды. Жүк тасымалы және қызмет көрсету бойынша негізгі қызметтің орнына екі кәсіпорын атынан 3,1 миллиард теңгеден астам сомаға 7 компанияға жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру жүзеге асырылған.
Осыған ұқсас дерек Ақтау қаласында да анықталды. Азаматтар И.Агатаев пен М. Әбілев «Бөрі Ақтау» ЖШС құрып, бір топ тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы іс жүзінде жұмыстар орындамай және қызметтер көрсетпей, 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға шот-фактуралар жазып берген.
Осы компаниялардың заңға қайшы әрекетінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 767 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілді.
Барлық кінәлі адамдар әртүрлі мерзімге сотталды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Facebook | Instagram | Telegram