Қаржылық мониторинг агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес 2021 жылғы 1 жарты жылдықтағы «Front Office», «Stop-обнал» жобалық кеңселері қызметінің нәтижелерімен, сондай-ақ Агенттіктің Стратегиялық жоспарының қол жеткізілген көрсеткіштерімен танысты.
Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.Раманқұлов, Е. Өмірғали, Жамбыл облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қаржы басқармаларының басшылары Қ.Қорғанбаев пен Ж.Сапаралиев, Қоғамдық кеңес мүшелері, Агенттіктің департаменттері мен басқармаларының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар «Stop-обнал» жобалық кеңсесінің қызметі аясында Тараз қаласындағы «Таразэнергоцентр» АҚ жылу тарифтерінің негізсіз көтерілуін талқылады.
Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сәлімбай Шунеев атап өткендей, коммуналдық қызметтерге тарифтерді жоғарылату халықты толғандыратын маңызды әлеуметтік мәселе болып табылады. Бұл әсіресе жылыту маусымы қарсаңында өзекті.
Бұған дейін хабарланғандай, Агенттік жабдықтарды жөндеуге жалған жұмсалған «Таразэнергоцентр» АҚ-мен 2,2 млрд. теңгені жымқыру дерегінің жолын кесті. Сондай-ақ, Агенттік акционерлік қоғамның «Табиғи монополиялар туралы» заңды бұза отырып, электр энергиясын тұтынушылар үшін жылу тарифтерін негізсіз көтеруді көздегенін анықтады. Бұл Тараз қаласының 366 мыңнан астам тұрғыны.
Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында Агенттік тұтынушылардың құқықтарын қорғап қана қоймай, қоғамдық резонанстың алдын алды.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері Агенттіктің негізгі және халықаралық қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілердің 15 жобасын қарастырып, ұсыныстар әзірледі.
Азаматтар осы НҚА жобаларымен «Ашық НҚ» порталында https://legalacts.egov.kz/list?governmentld=7679240 сілтемесі бойынша танысып, комментарийлер қалдыра алады.