Қаржылық мониторинг агенттігі "Қазақфильм" АҚ-да тінту жүргізу туралы ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді

Қаржылық мониторинг агенттігі "Қазақфильм" АҚ-да тінту жүргізу туралы ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді

Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазақфильм» АҚ-да тінту жүргізу туралы таратылған ақпараттың ақиқатқа сәйкес келмейтіндігін хабарлайды.

Атап айтқанда, Агенттіктің орталық аппаратымен және аумақтық департаменттерімен «Қазақфильмге» қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан жоқ.

Сонымен бірге, Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату үшін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Осыған байланысты, Агенттің ақиқат емес ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруге шақырады.