ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Ардагерлер кеңесі Президент Жолдауын талқылады

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Ардагерлер кеңесі Президент Жолдауын талқылады

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Республикалық ардагерлер кеңесінде талқыланды.

Президенттің алдыңғы Жолдауларында айтылған шаралар іске асырылып келеді. Әсіресе бізді – ардагерлерді Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген түзетулер аса қуантты.

Осыған дейінгі Жолдауда Мемлекет басшысы саяси реформалар туралы сөз қозғаған еді. Содан кейін Қазақстанда Саяси партиялар және сайлау туралы заңға түзетулер енгізіліп, атап айтқанда, партияларды тіркеудің ең төменгі шегі 40 мыңнан 20 мыңға дейін төмендетілді, партияларды сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота қарастыруды міндеттеген болатыні.

Биыл елімізде жүздеген ауыл, ауылдық округ, кент, аудандық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті. Шілдеде өткен төменгі буын әкімдерін сайлау «саяси жаңғырудың жаңа кезеңінің бастауына» айналған еді. Бұдан әрі, 2021 жылғы Жолдауда атап өтілгендей, азаматтар аудан әкімдерін сайлауға мүмкіндік алады, сондай-ақ, Президент ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін квоталар енгізуді ұсынды.

Биылғы Жолдауда Мемлекет алдағы жылдарға арналған бірқатар басым міндеттер айқын белгіленді. Мемлекет басшысы атап өткендей, барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты – Қазақстан азаматтарына қамқорлық жасаудың басты қағидаты болып табылады.

Ардагерлер Кеңесі Президент Жолдауын жан-жақты зерделеп, аталған барлық бастамаларды қуаттайды. Ең маңызды бастамалар ретінде ардагерлер ең төменгі жалақыны 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін арттыруды, бағаларды тежеп, азық-түлік өнімдеріне бірыңғай бақылау орнатуды атап өтті.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, интернет арқылы мемлекет көрсететін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу барша қазақстандықтар үшін аса маңызды.

Президент Қ.Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту және қауіп-қатерлерге жедел ден қоюды арттыру мемлекеттік маңызы бар басымдықтарға айналуы тиіс, өйткені бұл – еліміз бен халқымыздың басты қауіпсіздігі екендігін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ардагерлері Президент Жолдауында белгіленген мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс атқаруы және пандемиядан кейінгі кезеңде елді одан әрі дамыту, қоғамның топтасуын қамтамасыз ету және адам құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларға толыққанды қолдау көрсетеді.

 

Қаржылық мониторинг агенттігінің

«Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Сейілова Балжан