Абайлаңыз, қаржы пирамидасы! Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы туралы ескертеді

Абайлаңыз, қаржы пирамидасы! Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы туралы ескертеді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті «World Business Consulting» қаржы (инвестициялық) пирамиданың қызметін ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруде.

Қаржылық барлау мәліметтері бойынша, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және т.б. үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына ақшалай қаражат салуды ұсынған.

Өз кезегінде, бұл үлестес компаниялар заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік беріп отырған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар шетелде бола отырып, қазақстандықтармен бейнебайланыс арқылы онлайн кездесулер өткізетіні, онда жаңа клиенттерді тарту мүмкіндігі, сондай-ақ олардың заңды қызметі туралы ақиқат емес ақпаратты тарататыны анықталды.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Агенттік азаматтарға абай болуды және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауды, сондай-ақ WBC ұйымдастырушыларының жалған ақпаратына сенбеуді ескертеді.

Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз «World Business Consulting» қызметіне тап болсаңыз, Алматы қаласы ЭТД телефонына хабарласуыңызды сұраймыз +7 775 923 40 90, +7 708 192 28 18.

Басқа қалалардың тұрғындары ҚР ҚМА аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменттеріне жүгіне алады.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram