20 шілде мен 15 қыркүйек аралығында Қаржылық мониторинг агенттігі жас мамандар пулын қалыптастырудың екінші кезеңін жүргізуде.
Екінші кезең кандидаттардың құзыреттерін бағалауды, яғни кәсіби міндеттерді шешу кезінде практикалық тәжірибе, іскерлік пен білім негізінде табысты әрекет ету қабілетін қамтиды.
Бүгінгі таңда іріктеуге қатысуға 250 үміткерден өтінім келіп түсті. Оның ішінде 58 кандидат құзыреттерді бағалаудан өтіп, әңгімелесуге шақыруды күтуде.
Айта кетейік, әңгімелесу санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтықтан өтеді.
Үміткерлердің арасында 35 жастан асқан 27 азамат бар, олар "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес жас талаптарына сай келмейді.
Сондай-ақ, 17 жастағы үміткер бар, бұл да конкурстан шығаруға негіз болып табылады.
222 үміткер туралы қызықты деректер:
- 182 кандидат облыстық және Республикалық маңызы бар қалаларда, 40 кандидат ауылдық жерлерде тұрады.
- 41 үміткердің магистр дәрежесі бар.
- 23 үміткер жоғары оқу орнын үздік бітірген (қызыл диплом).
- Үміткерлердің арасында "Нанотехнология және микрожүйелік техника", "Компьютерлік модельдеу" мамандығы бойынша бітіргендер, сондай-ақ физиктер, химиктер, радиотехниктер де бар.
- Кандидаттардың GPA орташа балы 3,18-ге тең.
- 164 үміткер үйленбеген / тұрмыс құрмаған.
- 2 кандидат қызмет көрсету және қонақ үй бизнесі саласында, 12 кандидат сауда саласында, 5 кандидат оқытушылар, 14 кандидат банк саласында жұмыс істейді. 50 үміткер жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейтін әкімшілік қызметшілер болып табылады. Қалған кандидаттар жұмыс іздеуде.
- Үміткерлердің орташа жасы - 25 жас.
- Кандидаттардың 44% - ы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарын бітірген.
- 8 үміткер Ресей Федерациясы мен Оңтүстік Кореяда білім алған.
Іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен азаматтар ҚР Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясында оқуға ұсынылатын болады.
Оқыту 5 ай және 1 ай бойы қаржылық мониторинг органдарында тағылымдамадан өтеді.
Оқудан кейін - Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеу қызметіне жұмысқа орналасу.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Экономикалық тергеу қызметіне жұмысқа орналасуға 50-ден аспайтын адам үміткер болған, олардың тек 19-ы ғана ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына түсу кезінде емтиханды сәтті тапсырған болатын.