Қаржылық мониторинг агенттігіне «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жас мамандарды қабылдау жүргізілуде

Қаржылық мониторинг агенттігіне «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жас мамандарды қабылдау жүргізілуде

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі жұмыс іздеп жүрген жас мамандарды «Жастар практикасы» бағыты бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасуға шақырады.

Жастар практикасы соңғы үш жылда оқуын аяқтаған түлектер қатарындағы жұмыссыз жастарға арналған. Бұл ретте, ізденушінің жасы 29-дан аспауы тиіс.

Агенттік келесі мамандықтар бойынша тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерді бекіте отырып, жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұсынады:

  1. Құқықтану – 2 адам;
  2. Архивариус – 1 адам;
  3. Аударма ісі (Қазақ тілі) – 1 адам.

Егер маман өзін жақсы көрсете алса, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Жалақы Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығымен төленеді және айына 94 053 теңгені құрайды.

Жұмыс орындары Нұр-Сұлтан қаласындағы Агенттіктің орталық аппаратында ұсынылады, сәйкесінше,  шарттардың бірі елордада тұрақты тіркелімінің болуы болып табылады.

Практикаға қабылдау Агенттікте әңгімелесу арқылы жүргізіледі.

Байланыс телефоны - 8 (7172) 708 478 (іш. 21231).

Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы хабарласа аласыз:

Instagram – https://www.instagram.com/afm_rk/ 

Facebook – https://www.facebook.com/afm.rk/