ҚМА және екінші деңгейлі банктер қылмыстық қолма-қол ақшаны алу тәуекелдерін талқылады

ҚМА және екінші деңгейлі банктер қылмыстық қолма-қол ақшаны алу тәуекелдерін талқылады

2021 жылғы 30 шілдеде ҚМА төрағасының бірінші орынбасары Ермек Оспановтың төрағалығымен өткен комплаенс Кеңесінің отырысында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың және терроризмді қаржыландырудың алдын алу саласындағы екінші деңгейдегі банктермен 2021 жылғы І-жартыжылдықтағы өзара іс-қимыл қорытындыланды.

Отырысқа ҚМА, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының және екінші деңгейдегі банктердің өкілдері қатысты.

Жұмыс кездесуі шеңберінде екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) рейтингісінің 2021 жылғы 2-тоқсандағы қорытындылары, ЕДБ-ның тәуекелді тұлғалардың біріздендірілген тізілімін пайдалануы, сондай-ақ ЕДБ-де криминалдық ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру тәуекелі талқыланды.

Жұмыс кездесуінің соңында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мақсатында одан әрі тиімді өзара іс-қимылды жалғастыру туралы қорытынды жасалды.

 ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram