Қазақстанға кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін талдау үшін ЕАТ Хатшылығының өкілдері келді

Қазақстанға кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін талдау үшін ЕАТ Хатшылығының өкілдері келді

 2021 жылғы 26-30 шілде аралығында Қаржылық мониторинг агенттігі Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың сарапшылары және жобалау тобының мүшелерінің құқық қорғау және реттеуші-мемлекеттік органдар өкілдерімен, сондай-ақ жеке сектормен бірқатар кездесулерін ұйымдастырды.

Шығу кездесулерінің мақсаты жетіспейтін ақпаратты жинақтаумен қатар өңірлік тәуекелдерді бағалауда анықталған айырмашылықтарды бір субөңір шеңберінде елдердің өкілдерімен талқылау, олардың өзектілік дәрежесін нақтылау және Ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін өңірлік бағалау жөніндегі аралық есеп қорытындыларының белсенділігі мен анықтығын арттыру болып табылады.

Ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландырудың негізгі тәуекелдерін аймақтық бағалау бойынша зерттеу 2020 жылдың қаңтарынан бастап ЕАТ-ға мүше-мемлекеттер арасында жүргізілетінін атап өткен жөн. Бұл зерттеулер қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады, себебі мемлекеттік органдар мен есеп беретін субъектілердің ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін терең және жан-жақты түсінуі ғана анықталған тәуекелдерді азайтуға бағытталған шараларды неғұрлым тиімді қабылдауға мүмкіндік береді.

Кездесулер барысында "Орталық Азия – Ресей Федерациясы" және "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттері" субөңірлерінің өңірлік тәуекелдері туралы аралық қорытындылар талқыланды. Өңірлік бағалаудың қорытынды нәтижелерін жобалау тобы 2021 жылғы қарашада ұсынатын болады. Пленарлық отырыс есепті бекіткен жағдайда, әрі қарай әрбір ел бойынша анықталған тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі жоспарды әзірлеу болмақ.

 

 ҚР ҚМА Баспасөз қызметі 

Facebook | Instagram | Telegram