Қаржылық мониторинг агенттігі департаменттерінің басшылары Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйлеп, қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржылық мониторинг бөлімшелерінің қызметі және ҚМА Жас мамандар пулы туралы айтып өтті.
Журналистер алдында сөз сөйлеген Нұрлан Адалиев ағымдағы жылы Қаржылық мониторинг агенттігі жеке құрамның сапасын жақсартуға ерекше назар аударғанын хабарлады.
- Бұл елдегі қазіргі жағдайдың азаматтардың сұранысына жауап бере алатын құқық қорғау органдарына жаңа талаптар қоюына байланысты, - деп ҚМА Кадр жұмысы департаментінің басшысы атап өтті.
Сапалы іріктеуді жасқарту мақсатында Агенттік «ҚМА Жас мамандар пулы» жобасын іске асыруда.
Жобаның мақсаты құқық қорғау қызметінде қызмет етуге ұмтылған және еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне үлес қосқысы келетін неғұрлым білімді, талантты және креативті жастарды іріктеу арқылы ҚР ҚМА кадрлық әлеуетін нығайту және жаңару болып табылады.
Сонымен қатар, Нұрлан Адалиев дәстүрлі тәсіл әлеуетті үміткерлер туралы көбірек білуге мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Сондықтан сарапшылар тобымен үміткерлердің моральдық-іскерлік қасиеттерін алдын ала зерделеу кезеңін енгізудің орындылығы туралы мәселе пысықталды.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 31 шілдеге дейін жалғасады.
Бұдан әрі, Қаржылық мониторинг департаментінің басшысы Мақсат Ноғайбаев қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржылық барлау бөлімшелерінің қызметі туралы толығырақ тоқталды.
- Ережеге сәйкес Агенттік екі негізгі функцияны жүзеге асырады: қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржылық мониторинг және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) - деп Мақсат Ноғайбаев атап өтті.
Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі халықаралық стандарттардың жаһандық таралуында әлемнің әртүрлі аймақтарында ФАТФ үлгісі бойынша құрылған топтар маңызды рөл атқарады.
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) - қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында әлемдік стандарттарды әзірлеумен айналысатын, сондай-ақ ұлттық жүйелердің осы стандарттарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын үкіметаралық ұйым.
Қазақстан Республикасы ФАТФ үлгісі бойынша өңірлік топ – Қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) қатысушысы болып табылады.
ЕАТ-қа қатысу Қазақстанға ФАТФ стандарттарына сәйкес келетін ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға (АЖ/ТҚҚ) қарсы іс-қимылдың тиісті құқықтық және институционалдық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осы қызмет шеңберінде ЕАТ өз мемлекеттерінің КЖ/ТҚҚ ұлттық жүйелерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігіне өзара бағалауды жүргізеді, еуразиялық өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру саласындағы типологияларға талдау жасайды, сондай-ақ кадрларды оқытуды қоса алғанда, топқа мүше-мемлекеттерге техникалық жәрдемдесу бағдарламаларын іске асырады.
Осылайша, ЕАТ міндеттерінің бірі – АЖ/ТҚҚ және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ФАТФ-тың 40 Ұсынымын енгізуге жәрдемдесу.
Бұл Ұсынымдар «жылыстатуға қарсы» жүйелердің тиімділігін арттыруға әсер етеді және елдегі инвестициялық ахуалды жақсартады. Басқаша айтқанда, АЖ/ТҚҚ саласындағы осы стандарттардың сәйкес келмеуі ұлттық экономикаға үлкен зиян келтіруі мүмкін: ел кез-келген ашық халықаралық қолдаудан айрылып, қоғамдық қарым-қатынастардан аластатылады.
Бұл елдердің тұрғындары халықаралық сауданы толыққанды жүргізе алмайды, шетелдік банктерде және төлем жүйелерінде шоттар ашу езінде айтарлықтай қиындықтарға тап болады (көпшілігі мұндай клиенттермен жұмыс жасаудан бас тартады) және бұл елдерге жолданатын төлемдер автоматты түрде күдікті болып саналып, бұғатталуы мүмкін.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі