ҚМА Төрағасының бірінші орынбасары БҰҰ ЕҚБ-ның Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесшісімен кездесу өткізді

ҚМА Төрағасының бірінші орынбасары БҰҰ ЕҚБ-ның Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесшісімен кездесу өткізді

2021 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ермек Оспанов БҰҰ ЕҚБ-ның Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі Александр Водяноймен кездесті.

Кездесу барысында Агенттіктің және БҰҰ ЕҚБ-ның техникалық көмек көрсету бойынша өзекті қажеттіліктері мен мүмкіндіктері, кәсіби аккредиттеудің IT-жүйесін құру және КЖ/ТҚҚ мамандарын дамыту бойынша алдағы қадамдары талқыланды.

Нәтижесінде тараптар Қазақстан Республикасын ФАТФ халықаралық стандарттарына сәйкестігін Өзара бағалауға дайындауда, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ бойынша ұлттық және халықаралық бағдарламаларды іске асыруда сараптамалық көмек көрсету жөніндегі уағдаластыққа кол жеткізді.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram