
Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен Қаржылық мониторинг агенттігінің Қазақстанды Еуразиялық топтың Өзара бағалауына және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға дайындауға қатысты маңызды мәселелері талқыланды.
Агенттік шет елдегі жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз төлемдерін шектеуден бастап, Қазақстан экономикасының инвестициялық тартымдылығын төмендетумен аяқталатын Өзара бағалаудан жеткіліксіз деңгейде өткен жағдайда ел тап болуы мүмкін тәуекелдерді белгіледі.
Тимур Сүлейменов Өзара бағалауға дайындықта және оны табысты өтуі үшін мемлекеттік органдардың күш-жігерді біріктіріп, әрекет ету қажеттігіне назар аударды.
Сондай-ақ, отырыста ҚМА дайындаған Көлеңкелі экономиканы қысқарту жөніндегі кешенді жоспар талқыланды.
Агенттік жобалық менеджмент тәсілдері негізінде Кешенді жоспар қалыптастырды. Бұл бюрократияны барынша азайтуға және мемлекеттік органдарды түпкілікті нәтижеге бағдарлауға мүмкіндік береді.
Кешенді жоспар «Айқын экономика» ұлттық жобасының негізіне айналмақ.
Ұлттық жобаның әлеуеті «Follow the money» қағидатын енгізу, қаржылық тергеу институтын жетілдіру, Агенттіктің талдамалық және алдын алу қызметін күшейту арқылы көрсетілетін болады.
Оны іске асыру нәтижесінде бақыланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесін төмендету бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу күтілуде.
Айта кетейік, ұлттық жоба Мемлекет басшысының қолдауына ие болды және бизнес үшін тиімді жағдайлар жасауға бағытталған (салық жеңілдіктері, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ынталандыру, банк комиссияларын төмендету және т.б.).
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Facebook | Instagram | Telegram