Қаржылық мониторинг агенттігі мектеп құрылысы кезіндегі қаражатты жымқыру дерегін анықтады

Қаржылық мониторинг агенттігі мектеп құрылысы кезіндегі қаражатты жымқыру дерегін анықтады

Шымкент қаласы бойынша Агенттіктің аумақтық департаменті Жұлдыз тұрғын алабында орта мектеп салуға бөлінген 5,5 млн. теңгені  жымқыру дерегін анықтады.

Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша жаңа оқу жылына дайындық мақсатында білім беру мекемелерінде құрылыс және жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Айта кету керек, бұл мақсаттарға бюджеттен айтарлықтай қаржы бөлінеді, олардың көлемі жыл сайын артып келеді. Ал білім беру нысандары адал емес мердігерлер үшін «қаражат көзі» болып табылады.

Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтермен есептер ұсынғаны белгілі болды.

Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 5,5 млн.теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарын жүргізген жосықсыз кәсіпкер кінәсін толық мойындап, келтірілген шығын сомасын өтеді.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram