Орал тұрғыны мемлекетке 360 млн. астам теңгеге шығын келтірген

Орал тұрғыны мемлекетке 360 млн. астам теңгеге шығын келтірген

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Орал қала тұрғынының шот-фактураларды жазып беру бойынша заңсыз әрекеттер жасау дерегін анықтады.

Қылмыс жасаушы кәсіпорынның сауықтыруды басқарушысы бола отырып, ЖШС атынан бірқатар компаниялармен жалған мәмілелер жасап, тауарлар, қызметтер мен олардың көлемі туралы жазып берілген шот-фактураларда жалған мәліметтерді көрсеткен.

Мемлекетке келтірілген залал сомасы 360 млн. астам теңгені құрады.

Сот Орал қаласы тұрғынын ҚК-нің 216-б. 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram