Алматы облысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өндірісі дерегінің жолы кесілді

Алматы облысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өндірісі дерегінің жолы кесілді

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қарасай ауданында рұқсат құжаттарысыз алкоголь өнімін өндіру дерегін анықтады.

Тексеру барысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар көлемі 0,5 литр 13,5 мың бөтелке «Наша водка» маркалы ішімдік анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 233-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

ҚМА көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында жасау, сол сияқты пайдалану немесе өткізу үшін екі жылға дейін бас бостандығын шектеу/айырумен қылмыстық жауапкершілік орнатылғанын еске салады.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram