
2021 жылғы 15-17 маусымда Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық сарапшының мемлекеттік, құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдар мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды.
Негізгі назар кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау туралы есептің және оларды азайту жөніндегі шаралардың алдын ала нәтижелерін талқылауға қойылды.
Қазақстанның 2021-2022 жылдары Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың Өзара бағалауынан өтуде мемлекеттік органдар мен қаржы мониторингі субъектілерінің өкілдерін даярлаудың практикалық аспектілері маңызды.
Осыған байланысты, халықаралық сарапшы Андрей Боричевский кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйелерінің техникалық сәйкестігін және тиімділігін бағалау сұрақнамаларын толтыру бойынша ұсынымдар берді. Сонымен бірге, осы бағытта қосымша тренингтер мен оқыту семинарларын өткізу қажеттілігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар КЖ/ТҚҚ ұлттық жүйесін жетілдіру бойынша одан әрі қарай ынтымақтасуды келісті.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі