
Бүгін Қаржылық мониторинг агенттігінде «Атамекен» ҰКП басшылығымен және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен бизнес саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде кездесу өтті.
Кездесуге онлайн-режимде аумақтық экономикалық тергеп-тексеру департаменттері мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары қатысты. Осыдан бұрын тараптар арасында Ынтымақтастық туралы келісімдерге қой қойылған.
Адал кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Агенттік «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, «Адал бизнес-серіктестердің тізілімі» жобасын іске асырып келеді. Оның көмегімен әлеуетті тәуекелі бар компаниялар анықталатын болады.
Кеңес барысында Агенттік төрағасы Жанат Элиманов сотқа дейінгі тергеу процесін цифрландыруды, «Атамекен» ҰКП қолдауымен «Смарт-талдауды» құруды ұсынды.
Бұл «онлайн» режимде зияткерлік арқылы іздеуді және тергеу нәтижелерін болжауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы сотқа дейінгі өндірістің ашықтығы қамтамасыз етілетін болады.
«Біз үшін адал бизнестің мүдделерін қорғау өте маңызды. Мемлекет басшысы бизнес қызметіне кез келген негізсіз араласуды және оны қылмыстық қудалауға тартуды болдырмау қажеттігін бірнеше рет атап өткен еді», - деп «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Аблай Мырзахметов атап өтті.
Сонымен бірге, Агенттік «Бизнесті рейдерліктен қорғау – адал бәсекелестіктің кепілі» жаңа жобасына бастамашылық етті.
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов атап өткендей: «Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейту туралы сөз қозғағанда, адал бизнес туралы ұмытпау қажет. Жаңа тәсілдер мен шаралар адал кәсіпкерлерге қылмыстық қысым жасау және әкімшілік қысым көрсету мүмкіндігін болдырмауға септігін тигізуі тиіс».
Кездесу қорытындысы бойынша Ынтымақтастық туралы келісімге және 2021 жылға арналған Көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету жөніндегі бірлескен шаралардың Жол картасына қол қойылды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі