Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, адал кәсіпкерлердің мүдделерін сақтау бойынша шаралар кешенін қабылдап келеді.
Агенттік жұмысындағы тәсілдер түбегейлі өзгерді.
Талдау құралдары мен цифрлық өнімдер белсенді енгізіліп келеді. Олардың көмегімен қаржы ағындарының терең талдауы жүргізіледі. Бұл ретте, біз шаруашылық қызметке араласпаймыз.
Нәтижесінде, кішігірім заңсыз әрекеттер Агенттік назарына алынбайды. Керісінше, басты назар ірі көлеңкелі схемалар мен қылмыстың ұйымдасқан түрлерін анықтауға бағытталған.
Осы шаралардың арқасында 2.8 трлн. теңгеге қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен және жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан 87 қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді.
«Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, «Адал бизнес-серіктестердің тізілімі» жобасын іске асырып келеміз. Тәуекелдерді басқару жүйесінің көмегімен заңсыз қызметті жүзеге асырудың жоғары тәуекелдері бар кәсіпкерлер анықталатын болады .
Бұл шаралар «көлеңкелі» кәсіпкерлермен бәсекелестікке түсе алмайтын адал кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Себебі, біріншілері салық төлемейді және рұқсат құжаттарынсыз қызмет етеді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі