
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Жанат Элимановтың бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына Арман Барысханұлы Джанадилов тағайындалды.
Арман Джанадилов еңбек жолын 2005 жылы прокуратура органдарында бастады.
Әр түрлі жылдары қаржы полициясы және мемлекеттік кірістер органдарында қызмет еткен.
Осыдан бұрын Түркістан облысы бойынша ЭТД Жедел басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеген.