Павлодарда 500 млн. астам теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ жойылды

Павлодарда 500 млн. астам теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ жойылды

Салықтар – бұл қомақты үлесі халықты, оның ішінде әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларіске асырылатын мемлекет пайдасына түсетін төлемдер.

Салық төлеуден қасақана жалтару ҚР ҚК-нің 236-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікті көздейді.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей және тауарлар тиеп-жөнелтілмей жалған шот-фактураларды жазып берумен айналықан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

11 қатысушыдан тұратын ҰҚТ Павлодар қаласының аумағында 4 жыл бойы жосықсыз салық төлеушілерге салық төлеуден жалтаруға жәрдемдесу мақсатында әрекет еткен. Топ мүшелері бақылауындағы 20 жалған фирма арқылы жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан.

Мемлекетке ҰҚТ-ның заңға қайшы қызметінен 500 млн.теңгеден астам сомаға төленбеген салықтар түрінде залал келтірілді.

Кінәлі тұлғалар 1,5 жылдан 6,5 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Мемлекет кірісіне 4 пәтер және 3 автокөлік тәркіленді.  

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram