ҚМА жалған ақша өндірісі бойынша 29 астыртын цехты жапты

ҚМА жалған ақша өндірісі бойынша 29 астыртын цехты жапты

Жалған ақша жасауға қарсы іс-қимыл ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Мұндай қылмыстарды ашу, ең алдымен, жалған ақшаның табылғаны туралы уақтылы ақпарат берумен тікелей байланысты екені белгілі.

Көбінесе, жалған ақшаны анықтау мүмкіндігі болмағандықтан, ол дүкендерде және базарларда есеп айырысу үшін немесе ақша айырбастау кезінде айналымда қолданылады.

Осыған заманауи нанотехнологияларды қолдана отырып, жалған ақша жасау да ықпал етеді, өз кезегінде бұл жалған ақшаны анықтауды қиындатады.

ҚМА жалған ақшаны өткізетіндерді ғана емес, оны жасаушыларды да анықтаумен айналысады.

Соңғы 5 жылда елімізде ақша айналымынан жалпы сомасы 60 млн. астам теңгеге ұлттық валютаның 15 мыңнан астам жалған ақша белгісі және 1 099 800 АҚШ долларына, 226 900 еуроға, 1 327 020 рубльге, 6 100 түрік лирасына, 1600 юаньға 12 мыңнан астам шетел валютасы тәркіленді.

Жалған ақша өндіру бойынша 29 астыртын цех қызметінің жолы кесілді, 7 мыңнан астам жалған ақша купюрасы жойылды, 102 адам сотталды.

Бұл ретте, жалған ақшаны жасау және өткізу халықаралық сипатқа ие болуда.

ҚМА Қазақстан, Ресей және Грузия азаматтарынан тұратын трансұлттық ҰҚТ қызметінің жолын кесті. Олар 75 мың еуроға құны 500 евро жалған банкноттарды жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырды.

Сондай-ақ, 935 мыңнан астам АҚШ долларына 100 долларлық жалған ақша белгісін өткізудің жолы кесілді.

Құрметті азаматтар! Егер сіз жалған банкнотты тапсаңыз, дереу Агенттікке + 7 (7172) 70-84-78 сенім телефоны бойынша немесе әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы хабарласыңыз:

Facebook - https://www.facebook.com/afm.rk/

Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram