Ақтөбе тұрғыны туыстар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған

Ақтөбе тұрғыны туыстар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Ақтөбе облысының аумағында жұмыстарды нақты орындамай және тауарларды жеткізбей жалған шот-фактураларды жазып беру дерегін анықтады.

Тергеу барысында Ақтөбе қаласы тұрғынының үш жыл ішінде өзінің және туыстарының атына тіркелген жалған фирмалар арқылы қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруда компанияларға көмектескені анықталды. Бұл ретте, туыстары бұл туралы білмеді.

Көрсетілген «көмек» үшін ол қолма-қол ақшаның жалпы сомасының 2%-ын иеленген.

Әрекетшіл кәсіпкер 3 жылға сотталды.

Мемлекетке заңсыз кәсіпкерлік қызметтен 342 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Құрметті азаматтар! Егер сізге белгілі бір сыйақы үшін картаңыз арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру ұсынылса, онда мұндай ұсыныстан бас тартқаныңыз жөн.

Біріншіден, сіз алаяқтардың құрбаны бола аласыз және шоттағы барлық ақшадан айырылып қалуыңыз мүмкін.

Екіншіден, сіз ҚР ҚК-тің 216-бабына сәйкес автоматты түрде сыбайлас боласыз, өйткені, әдетте, қылмыстық әрекет нәтижесінде алынған ақша осылай қолма-қол ақшаға айналдырылады. Ал заңды түрде алынған қаражат үшін бизнесті тіркеу, салық төлеу және барлық қажетті аударымдарды жасау жеткілікті.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram