Қостанай облысында мемлекетке 1,6 млрд. теңгеге келтірілген залал өтелді

Қостанай облысында мемлекетке 1,6 млрд. теңгеге келтірілген залал өтелді

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті екі кәсіпорын басшысының жалған шот-фактуралар жазып беру және бюджетке салық төлеуден жалтару бойынша әрекеттерінің жолын кесті.

Тергеу барысында «Anast&Asia» ШҚ директоры «Деревянко В.Е.» ЖК жалпы соманың 1% көлеміндегі сыйақы үшін 650 млн. теңгеден астам сомаға заңсыз шот-фактуралар жазып бергені анықталды.

Сотпен кәсіпорын басшылары 1,5 және 2 жылға сотталды.

Бұл Қостанай облысы бойынша ЭТД-нің ағымдағы жылдың басынан анықтаған 5-ші дерегі. Барлық деректер бойынша мемлекетке 1,6 млрд.теңге көлеміндегі залал өтелді.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

 Facebook | Instagram | Telegram