Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тескеру департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру үшін үй-жайды заңсыз жалға беру дерегі анықталды.
Тергеу барысында дүкенді жалға беруші қасақана, пайда табу мақсатымен әрекет ете отырып, үй-жайды заңсыз ойын терминалдарын орналастыру үшін бергендігі анықталды.
Дүкенді жалға беруші және бизнесті ұйымдастырушы сотталды.
ҚМА үй-жайларды жалға берушілердің де үй-жайды заңсыз ойындар немесе автоматтарға ұсынғаны үшін ҚР ҚК-нің 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін хабарлайды.
Жалға берушілер қылмыстық жауапкершіліктен қалай құтыла алады?
Ол үшін Агенттіктің ресми аккаунттеріне жеке хабарламада фото және мекенжайды жолдасаңыз немесе +7 (7172) 70-84-78сенім телефонына хабарлассаңыз жеткілікті:
Facebook -https://www.facebook.com/afm.rk/
Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі