ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық аумағында заңсыз ойын орындарын анықтау және жабу бойынша шаралар қолданып келеді. Алайда, ескі орындарды жапқанда – жаңалары ашылады. Бұл заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру схемаларына көп жағдайда екі тұлғаның қатысуымен байланысты.
Біріншілері –бизнесті ұйымдастырушылар.
Екіншілері – жалға берушілер тұлғасындағы сыбайластар. Бұл ретте, олар «бизнес схеманың» құрбаны бола отыра, бар жауапкершілік жайлы хабарсыз.
ҚМА жалға берушілердің де заңсыз ойын бизнесіне үй-жайларды беру үшін Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін еске салады.
Жалға берушілер қылмыстық жауапкершіліктен қалай құтыла алады?
Ол үшін Агенттіктің ресми аккаунттеріне жеке хабарламада фото және мекенжайды жолдасаңыз немесе +7 (7172) 70-84-78сенім телефонына хабарлассаңыз жеткілікті:
Facebook -https://www.facebook.com/afm.rk/
Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/
Сондай-ақ, барлық терминалдар заңға қайшы қызмет етпейді. Ұлттық оператор ел аумағында өзінің терминалдары арқылы ұтыс ойынын өткізу құқығына ие. Олар сарғыш-көк түсті. Міндетті түрде логотип, нөмір және QR-код болуы керек.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі