ҚМА және Германияның қылмыстық полициясы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылдың болашағын талқылады

ҚМА және Германияның қылмыстық полициясы есірткінің  заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы  өзара іс-қимылдың болашағын талқылады

2021 жылғы 4 маусымда Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің Германия Федералдық қылмыстық полиция ведомствосының қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Кездесу аясында Германия Қылмыстық полициясының жаңадан тағайындалған байланыс офицері Дитмар Эрфурт таныстырылды.

Халықаралық ынтымақтастық – есірткінің заңсыз әлемдік айналымына қарсы іс-қимылдың пәрменді тетіктерінің бірі. Осыған байланысты, тараптар Еуропа аумағына есірткі заттарын заңсыз жеткізуді анықтау және бақылау бойынша өзара іс-қимылдың басым міндеттері мен болашағын талқылады.

Сонымен қатар, кездесу барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы бірқатар елдердің құқық қорғау және кеден қызметтерінің, соның ішінде Германия қылмыстық полициясының көмегімен Қазақстан 1,1 тоннадан астам героинді қолға түсіру бойынша халықаралық арнайы операция жүргізген болатын.

Бұл – есірткі контрабандасына қарсы күрестің әлемдік тарихындағы героиннің көлемі бойынша 2-ші партия.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram