
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Экономикалық тергеп-тексеру қызметіне жұмысқа орналасу үшін үміткерлерді іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.
Бізге кім керек?
Талантты, болашағы зор, креативті ойлау қабілеті және белсенді өмірлік ұстанымы бар, құқық қорғау қызметінде жұмыс істеуді қалайтын және елдің экономикалық қауіпсіздігіне үлес қосқысы келетін жастар.
Қандай талаптар қойылған?
Іріктеу кезінде артықшылыққа үздік дипломы бар, олимпиадалардың, ұлттық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары ие;
Іріктеу қалай өтеді?
Іріктеу 4 кезеңде өтеді:
1-кезең – барлық қажетті құжаттарды жинақтау;
2-кезең – жеке қасиеттерін анықтау (психологиялық бағалау);
3-кезең – қабілеттері мен дағдыларын бағалау (IQ деңгейін тексеру, эссе жазу, жағдаяттық кейстерді шешу, уәждемелі сөз сөйлеуді дайындау);
Қабілеттер мен дағдыларды бағалау әрбір лауазымға жеке өткізіледі.
4-кезең – сұхбаттасу.
Барлық кезеңдерден сәтті өткен азаматтар ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқытудан өту үшін ұсынылады.
Оқыту 5 ай бойы өткізіледі және қаржы мониторингі органдарында 1 ай тағылымдамадан өтеді.
Академияда оқуды сәтті аяқтағаннан кейін түлектер ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне жедел уәкіл (анықтаушы), тергеуші немесе криминалист (B-FMO-6 санаты) лауазымдарына қызметке қабылданатын болады.
Осы лауазымдардың функционалдық міндеттеріне криминалистикалық және арнайы зерттеулер жүргізу, бюджет саласындағы және квазимемлекеттік сектордағы, көлеңкелі экономика саласындағы құқық бұзушылықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құзыретіне жатқызылған өзге де қылмыстарды анықтау, алдын алу, ашу, жолын кесу және тергеп-тексеру кіреді.
Қызметкерлердің ең төменгі жалақысы (лауазымдық жалақысы) 156 мың теңгені құрайды.
Бұл ретте құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай үлесі лауазымдық жалақыдан, сондай-ақ арнаулы атағы үшін 38 225 теңгеден бастап қосымша ақылардан, қызмет өткерудің ерекше жағдайлары, сыныптық біліктілігі үшін үстемеақылардан және айлықақының 10-нан 50%-ға дейінгі мөлшерінде басқа да төлемдерден құралады. Жұмыс нәтижелері үшін сыйлықақы төлеу жүйесі қарастырылған, сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, еңбек сіңірген жылдарына сәйкес 30 және одан артық күнтізбелік күн көлемінде демалыс беріледі.
Егер Сіз біз іздеген адам болсаңыз, Сізге:
Кандидаттарқұқық қорғау қызметінекіру кезіндеқұқық қорғауқызметіндеболуғабайланыстышектеулердіжәнесыбайласжемқорлыққақарсышектеулердіқабылдауғадайынболуғатиіс.
ҚМА Аумақтық экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің тізбесі