Шымкентте құмар ойындар желісін ұйымдастырғандар сотталды

Шымкентте құмар ойындар желісін ұйымдастырғандар сотталды

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 10 заңсыз ойын орнының қызметіне шек қойды. Заңсыз ойын бизнесін Шымкент қаласының төрт тұрғыны ұйымдастырды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 30-дан астам ойын жабдығы мемлекет кірісіне айналдырылды, 12 заңсыз ойын терминалы жойылды.

Заңға қайшы схеманың ұйымдастырушылары сотталды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесін
ҚР заңнамалармен белгіленген жерлерден тыс аймақтарда ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушыға да, үй-жайлардың иелеріне де қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Егер сіз тұратын немесе мекендейтін жерде ойын аппараты орналастырылса, ол туралы Агенттікке хабарлай аласыз.

Ол үшін Агенттіктің ресми аккаунттеріне жеке хабарламада фото және мекенжайды жолдасаңыз немесе +7 (7172) 70-84-78 сенім телефондарына хабарлассаңыз жеткілікті:

Facebook - https://www.facebook.com/afm.rk/

Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

 Facebook | Instagram | Telegram