
2021-2022 жылдары Қазақстан ФАТФ (ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобы) ұсынымдарына сәйкес келу және іске асыру тиімділігіне Кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың Өзара бағалауының екінші раундын өтетін болады.
Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесі бағаланатын болады.
Осы шараға дайындалу аясында 17 мамырда Мәскеуде Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Жанат Элимановтың Ресей қаржы мониторингі қызметінің басшысы Юрий Чиханчинмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Ресей тарапы 2019 жылы сәтті өткен Өзара бағалауға дайындық бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен бірге, тараптар аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің, сондай-ақ жылыстатуға қарсы жүйеге цифрлық талдау құралдарын енгізудің озық тәжірибесімен алмасты.
ҚР ҚМА Төрағасы Жанат Элиманов кездесудің маңыздылығы мен уақтылығын, екі жақтың достық қарым-қатынасын атап өтті және екіжақты форматтағы сындарлы сұхбатты жалғастыруға дайын екендігін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ортақ түсінікке қол жеткізіп, кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасын Өзара бағалаудың екінші раундына дайындықтың тиімділігін арттыруда одан әрі тығыз өзара әрекеттесуді жалғастыруға келісті.
Сонымен қатар, қызметтік сапар барысында Жанат Элиманов пен Қаржылық мониторингтің халықаралық оқу-әдістемелік орталығы басшылығымен жұмыс кездесуі өткізілді, нәтижесінде Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өту туралы келісімге қол жеткізілді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі